2026 жылғы 1 мамырда Жоғары IT колледжінің студенттері «Достық толқынында – 2026» атты студенттік фестивальге қатысып, жарқын эмоциялар мен ерекше жылы атмосция сыйлады!

Біз үлкен мақтанышпен студенттеріміздің өнерін тамашаладық — әрбір нөмір шынайы, жігерлі әрі әсерлі болды. Сіздер тек таланттарыңызды ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдықтарыңызды, креативтіліктеріңізді және сенімділіктеріңізді көрсеттіңіздер!

Осындай іс-шаралар бүгінгі студенттердің белсенді әрі жасампаз күш екенін тағы бір дәлелдейді. Олар қазірдің өзінде болашақты қалыптастырып келеді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне жастарды қолдағаны, студенттік бастамаларды дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Осындай алаңдардың арқасында әрбір студент өз қабілетін ашып, талантын танытып, сеніммен алға қадам баса алады.

Студенттерімізге эмоция, жоғары деңгей және ерекше атмосфера үшін алғыс айтамыз! Сіздер — біздің мақтанышымыз!