
Жыл сайынғы «Ақылды Awards 2022» жүлдесі – ШҚО мектептерінің «Алтын белгі» марапатына ықтимал үміткерлеріне бағытталған айрықша іс-шара. Алған орнына қарамастан «Ақылды Awards 2022» іс-шарасына қатысқан әрбір қатысушы сертификатпен марапатталады. Номинацияға үміткерлер лауреат атағын иеленеді.
Жүлде лауреаттары бүкіл оқу мерзіміне Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ грантына сертификаттармен марапатталады.
Номинациялар:
- «Бизнес – сәттілік»
 - «ФИЗМАТ шыңдарын бағындырушы»
 - «Біз болашақтың қаласын саламыз»
 - «Таза энергия»
 - «Қазіргі және болашақтың сандық технологиялары»
 - «Ең тапқыр механик»
 - «Жер қойнауын игерушілер»
 - «Тұрақты болашақ»
 
Календарь:
- 2022 ж. 1-26 ақпан аралығында – өтінімді және презентациялық роликтерді электрондық поштаға жіберу: awards18@mail.ru;
 - 2022 ж. 1-11 наурыз аралығында – презентациялық роликтерді бағалау бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы және әр номинация бойынша 3 үздікті таңдау;
 - 2022 жылғы 14-31 наурыз аралығында – www.ektu.kz сайтында әр номинациядағы Үздік презентациялық ролик үшін дауыс беру;
 - 2022 ж. 7 сәуір – қорытындылау және марапаттау.
 
Толық ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
- 8 (7232) 510 885,
 - 8 705 830 42 46.