Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттік көркемөнерпаздар шығармашылығының 56-шы фстивалінің жарқын қорытындысы «Студенттік көктем – 2026» өз мәресіне жетті.

Екі жарым ай бойы қатысушылар бұл шараға тыңғылықты дайындалды: жүздеген сағаттық дайындық, ондаған шығармашылық нөмір және бір ортақ мақсат – «Болашаққа қадам» дәл бүгін басталатынын дәлелдеу. Қорытынды кеш фестивальдің жай ғана жабылуы емес, студенттердің таланты, батылдығы мен өзін-өзі танытуының шынайы мерекесіне айналды.

«Студенттік көктем» жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға арналған маңызды алаң ретінде лайықты бағаланады. Әрбір нөмір қатысушылардың даралығын, олардың дамуға деген ұмтылысын және өз қорқыныштары мен күмәндерін еңсеруге дайындығын айқын көрсетті.

Ұйымдастырушылар фестивальдің тұрақты серіктесі – Казцинк компаниясына студенттік шығармашылықты қолдағаны, жастардың дамуына қосқан үлесі және дарынды студенттердің үлкен сахнада өздерін танытуына мүмкіндік жасағаны үшін ерекше алғыс білдірді.

Қатысушылар мен көрермендерге құттықтау сөз сөйлегендер қатарында басқарма төрағасы – ректор Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина, Казцинк ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Павлович Лазарев, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, университет түлегі Айдос Әділбекұлы Әділбеков болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Жүргізушілердің үздік презентациясы және бірқатар шығармашылық нөмірлер бойынша FTB командасы ерекшеленді. Көрермен көзайымы жүлдесін және жекелеген аталымдардағы жеңістерді GORMET командасы иеленді. FORMATION командасы да жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірнеше номинацияда үздік атанды.

Жеке номинациялар бойынша марапаттар келесі қатысушыларға табысталды: Жәнібек Махмұт – «Студенттік көктем – 2026» мистері, Саветқанова Арна – «Студенттік көктем – 2026» миссі, Мурзабекова Адель – «Dance – 2026» миссі және «Үздік хореограф», Кабдуакитов Диас – «Dance – 2026» мистері, Ерболов Жаслан – «Үздік конферансье», Алиева Алсу – «Үздік қоюшы».

«Студенттік көктем – 2026» фестивалінің бас жүлдесін жоғары дайындық деңгейін, креативтілікті және мықты командалық рухты көрсеткен FTB және GORMET командалары иеленді.

Гала-концерт фестивальдің лайықты қорытындысы болып, көрермендерге жарқын әсер сыйлады және студенттік шығармашылықтың дамып, жаңа есімдерді танытып, шабыт беруді жалғастырып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.