2017 жылдың  23 ақпан күні  Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ  Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық, университетке қабылдау және түлектерді жұмысқа орналастыру басқармасы Өскемен политехникалық колледжінің түлектерімен кездесуге қатысты.

«Ақпараттық жүйелер және компьютерлік модельдеу» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна ШҚМТУ мамандықтарының презентациясын жасап, оқу шарттарын айтып берді.

Колледж түлектері университетке түсу, мемлекеттік гранттардың бөлінуі, 2017 жылғы ТКТ жаңа форматы және кешенді тестілеуге дайындық курстары туралы маңызды ақпарат алды.

Өскемен политехникалық колледжінің әкімшілігіне түлектермен кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз!