Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жылдың ең күтілетін әрі жарқын студенттік жобаларының бірі — «EKTU Аруы – 2026» сұлулық, интеллект және талант байқауы өтті.
«EKTU Аруы» — бұл тек атақ үшін жарыс қана емес, студент қыздардың әлеуетін ашуға арналған ауқымды алаң. Байқау қатысушылардың сұлулығын, білімділігін, креативтілігін, көшбасшылық қасиеттерін және әлеуметтік белсенділігін біріктіреді.
Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша «EKTU Аруы – 2026» бас жүлдесінің иегері Мұралбек Таңсайра атанды.
«EKTU Аруы – 2026» Вице-ару атағын Әлімханова Томирис жеңіп алды.
«EKTU Аруы – 2026» Екінші вице-ару атағы Саветқанова Арнаға табысталды.
Бұл байқау қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін және белсенді өмірлік ұстанымын көрсеткен, сұлулықтың, интеллекттің және таланттың нағыз мерекесіне айналды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жарқын өнер көрсеткені, батылдығы және өз мектептерін лайықты таныстырғаны үшін алғыс білдіреміз!