Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында "Террористік қауіп төнген жағдайда лауазымды тұлғалардың əрекеті" тақырыбында дəріс өтті. Іс-шараға университет проректорлары, декандар, бөлімшелер жетекшілері, кафедра меңгерушілері жəне қызметкерлер қатысты.

Дəрісті Азаматтық қорғаныс жəне Төтенше жағдайларды жою штабының басшысы Евгений Аракелов оқыды. Ол жалпы терроризм ұғымы, пайда болуы себептері жəне онымен күресу жолдары жайында баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында халықты терроризмнен қорғаудың құқықтық-нормативтік негіздері, олардың түрлері, қауіп төну тəуекелін азайту жəне террористтік актілердің салдарын жеңілдету мəселелері қарастырылды.

Қатысушылар өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сəйкесінше жауаптарын алды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі