Бүгін 7 білім беру бағдарламасы бойынша мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (САААЕ) сараптамалық комиссиясының сапары аяқталды.

Сапар барысында сарапшылар университеттің басшылығымен, оқытушылармен, түлектермен, студенттермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізді. Лабораториялар, тәжірибе базалары қаралды, сондай-ақ құжаттармен танысу жүргізілді, бұл университеттің білім беру процесінің сапасы мен инновациялық қызметін кешенді бағалауға мүмкіндік берді.

Сапар қорытындысы бойынша сыртқы бағалаудың алдын ала нәтижелері қорытындыланып, есеп жобасы дайындалды.

Аккредиттеу бойынша соңғы шешім САААЕ Аккредиттеу кеңесінің отырысында қабылданады.

Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы!