Сіздерді 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – ел бірлігінің, мәдениеттер мен дәстүрлер алуан түрлілігінің, халықтар достығының мерекесі.Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті өзінің көпұлтты ұжымымен және студенттер қауымымен Қазақстандағы рухани келісім мен тілдердің тең дамуын насихаттайды.

Университет қабырғасында түрлі өңірлер мен елдерден келген студенттер білім алуда. Біз үшін студенттердің ана тілін құрметтеп, мемлекеттік тілді терең меңгеруі, сонымен бірге шетел тілдерін игеру арқылы жаһандық деңгейде өз әлеуетін арттыруы – басты құндылықтардың бірі.

Әрбір тіл – білімге, ғылымға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Университетіміздің студенттері көптілділікті өмірлік артықшылыққа айналдырып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосарына сенімдіміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!