Құрылысшылар күнінде өмір сүруге, еңбек етуге және келер ұрпақтың жарқын болашағына негіз болатын нысандарды тұрғызып жүрген барша мамандарды шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін біз құрылыс саласының қызметкерлеріне, университетіміздің оқытушыларына, студенттеріне, түлектеріне және серіктестеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, біліктіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында заманауи қалалар бой көтеріп, қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру ортасы қалыптасуда.
Біздің университет үшін құрылыс саласының дамуына үлес қосу – үлкен мәртебе. Біз еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлап қана қоймай, өндіріс орындары мен жұмыс берушілермен бірлесіп, жаңа буын инженерлерін тәрбиелеуге күш саламыз. Бұл – кәсіби білімі терең, жаңашыл ойлайтын және ел дамуына үлес қосуға дайын мамандар.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, тың бастамалар, табысты жобалар мен кәсіби жетістіктер тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет етіп, абыройларыңыз арта берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Құрылысшылар күні құтты болсын!