Барлықтарыңыз бүгінгі таңда, сіздер үшін таңсық болып келетін, жаңа онлайн кеңістігінде жұмыс істеп, білім алып және сабақ беріп келесіздер. Сіз үшін өздігіңізбен шеше алмайтын көптеген мәселелер мен сұрақтар туындауы мүмкін.

Біз, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттері, цифрлық еріктілері сіздерге көмекке келуге және сіздің мәселелеріңізді шешуге тырысуға дайынбыз.

Біз мектеп бағдарламасы аясында компьютер, түрлі платформаларда жұмыс істеу, математика, информатика, ағылшын тілі пәндері бойынша кеңес бере аламыз.

Біз біріге отырып, бұл күрделі уақытты бастан өткеріп, бірге жеңе аламыз, біз бірге - мықтымыз! Біз Біргеміз!!!!

Бірақ, өкінішке орай,  біз «сиқыршы» емеспіз, өзіміз де оқып, үйреніп жүрміз, сол себепті кеңес алу үшін бізбен WhatsApp желісіндегі мына телефон номері: 8-777-271-97-12 арқылы жұмыс күндері сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін байланысқа шығуды өтінеміз.

ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАҒАНДАРЫҢЫЗҒА АЛДЫН-АЛА АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!