Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімі мен ШҚТУ-дың ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп Бизнес мектебінің, Халықаралық инженерия мектебінің, Жер туралы ғылымдар мектебінің, сондай-ақ Сәулет және Құрылыс Мектебінің студенттеріне сабақ өткізді. Оқушыларға ескерту жүйесінің жұмыс принциптері, төтенше жағдай және терроризм кезіндегі эвакуациялық қызметтің негіздері мен ережелері түсіндірілді.

Сондай-ақ, қызметкерлер қауіпсіздіктің жалпы ережелері, адамдар көп жиналатын жерлерде немесе көлікте өзін қалай ұстау керектігі, күдікті зат табылған кезде немесе терроризмге қарсы операциялар жүргізу барысы туралы айтты. Айта кету керек, басты критерийлердің бірі - дүрбелеңге түспеуге тырысу, өйткені дүрбелең террористік актіні тездетуі немесе қылмыстың алдын алуға кедергі келтіруі мүмкін.

Сонымен қатар, дәрістердің бір бөлігі терроризм идеологиясының таралу қаупін, террористік шабуыл жағдайындағы мінез-құлық ережелерін, экстремизмнің тарихы мен қауіптілігін түсіндіруге арналды.

  Барлық фото