Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 9 ақпан айында шығарылған жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты құрылды. Сот төрелігін жүзеге асырудағы жұмыстың жоғары деңгейде, тәжірибелі судьялардың болуы, сот кеңсесінің мінсіз жұмысына байланысты 2007 жылдың 23 қарашада Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына азаматтық істер бойынша базалық сот мәртебесін беру ұйғарылды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда мүліктік және мүліктік емес даулар, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар,заңды тұлғалар, сонымен қатар корпоративтік даулар қаралады.

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының штаттық саны: 1 әкімші басшысы, 6 сот отырысы хатшылары, 5 бас маман, 1 жетекші маман,1 аға сот приставы.

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Өскенмен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 60 мекен жайы бойынша, 4 қабатты әкімшілік ғимаратта орналасқан. Ғимаратта сот отырысы залдары жаңа дыбыс-бейне құрылғыларымен жабдықталған, кабинетер: татуласу, прокурорлар және қорғаушылар, дөңгелек үстел жүргізуге арналған кабинет, конференц-зал және азаматтарға арналған ыңғайлы фронт-офиспен жабдықталған.