Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті  мен  Шихези университеті арасындағы ынтымақтастық аясында  Шихези университетінің алмасып  окып жаткан студенттері Foundation бөлімінде жарты жылдық оқуларын аяқтады. Студенттердің сабақтан тыс уақыттарын қызықты ету үшін Foundation факультеті деканының орынбасары Құсаинов Берик Макетханович және халықаралық ынтымақтастықты бөлімнің қызметкерлерінің Кеңес Мейіргүл, Смагулова Жадыра жетекшілігімен қала сыртында шаңғы  тебу  ұйымдастырылды.

Бұл шаңғы спорты студенттерге Шығыс Қазақстанның қысқы көріністерін көруге мүмкіндік беріп қана қоймай, студенттерді осы оқу семестрін көтеріңкі көңіл-күймен аяқтауға мүмкіндік берді. Студенттерге    кысқы каникул қөңілді болсын деп тілейміз!