Алтыншы сайланған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтыруларды үстіміздегі жылдың соңына дейін қабылдау туралы депутаттарға тапсырма бергені белгілі. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап толықтырылған өзгерістер өз күшіне енбек. Елбасының берген тапсырмасын орындау және Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізген (әзірлеуші орган – Әділет министрлігі) аталмыш кодекске түзетулерді кеңінен талқылау мақсатында төменгі палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері екі күндік жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан өңірінде болды.

Жұмыс сапарының алғашқы күнінде депутаттар топтарға бөлініп, құқыққорғау, әділет органдарының қызметкерлерімен, қоғам өкілдерімен кездесулер өткізсе, келесі күні облыс басшылығының, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен облыста Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген мәжілісі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің колонна залында өткізілді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі