2026 жылғы 7 қазанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінің студент қыздары «Қоғамның әлеуметтік және отбасылық негіздерін нығайтуға және әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған кешенді гендерлік саясатты іске асыру» жобасы аясында ұйымдастырылған «Табысты әйелдермен диалог» кездесуіне қатысты.

Кездесудің спикерлері ретінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері, психология ғылымдарының докторлары Наталья Федоровна Фесенко мен Алина Құралай Жұмкенова сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар жеке тұлғалық даму, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, өзіне деген сенімділікті арттыру, мақсат қою, кәсіби және жеке өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылу мәселелерін талқылады. Спикерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас қыздарға өз әлеуетін ашуға және алға сенімді қадам басуға көмектесетін практикалық ұсыныстар берді.

Студент қыздар диалогқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, пікірлерін білдірді және тәжірибелі мамандармен өздерін толғандырған тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер жастардың дүниетанымын кеңейтуге, бастамашылдығы мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ өз күшіне деген сенімділігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мазмұнды әңгіме, құнды кеңестер және жаңа жетістіктерге шабыт бергені үшін ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғыс білдіреміз!