Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында университет студенттерінің Курчатов қаласының "ҮМЗ" Байыту фабрикасы АҚ" өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу студенттеріміздің жұмыспен қамтылуына жəне əріптес жұмыс берушілермен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Іс-шара қатысушыларына "ҮМЗ" АҚ  қызмет ету ерекшелігі мен өндірістік іс-тəжірибе жайында, сондай-ақ болашақ мамандар үшін бос қызмет лауазымдары жайында айтылды. Іс-тəжірибеден өту барысында жоғары көрсеткіштерге ие болған үміткерлерге ары қарай жұмысқа қабылдау жөніндегі ұсыныс берілу қарастырылған.