crugstolБаспасөз, телевидение және радио күні қарсаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов университет ұжымы атынан «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Светлана Әбенова мен «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Думан Анашты кәсіби мерекелерімен құттықтап, республикалық басылымдарға ЖОО-ны дамытуға байланысты көкейтесті және маңызды мәселелерді уақтылы және сапалы жариялап жүргендері үшін алғыс сезімін білдірді.

- Сіздердің біздің университетпен ұзақ жылғы ынтымақтарыңыз мызғымас достыққа айналды, біз оны жоғары бағалаймыз, - деді Жасұлан Құдайбергенұлы журналистермен әңгімесінде. 

Ол қаламгерлерге шығармашылық табыс, көкейтесті тақырып, өткір қалам тіледі.