1 қыркүйек сағат 10.00-де Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ректоры Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймардановтың қатысуымен Білім Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Поздравление первокурсников Поздравление первокурсников

Жалпы университетке 2000-ға жуық студент қабылданды, сондықтан әр түрлі білім беру бағыттарын таңдаған бірінші курс студенттерімен кездесуді оқытушылармен қатар жоғарғы курс студенттері де асыға күтті. Олардың ішінде, ерекше мақтанышпен Ректордың грантына ие болған студенттерді айтуға болады.

- Республикалық деңгейдегі жобаларға қатысу арқылы Ректордың грантын жеңіп алуға мен үлкен мүмкіндік алдым. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде осы техникалық университетте оқуды армандайтынмын,  өйткені, бұл оқу орнының оқытушылары білікті,дәрежелі,  жалпы, сіздердің университеттеріңіз танымал әрі сенімді деп көп еститін едім. Бұл университеттен басқасын таңдау үлкен қателік болар еді, - деді өз сөзінде экономика факультетінің бірінші курс студенті Айдана Уалиева. Айта кетерлік жайт, Айдана Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден (ҰБТ) 125 ұпай жинай тұра, тек біздің Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-н таңдап отыр. Бұл дегеніміз, әрине, университеттің еңбегі мен  мәртебесін көрсетеді.   

 Күрес бойынша спортшы- қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі факультетінің бірінші курс студенті Дәлелханов Жандос аталған университеттің студенті атанғанына қуанып, болашақта елінің атын шығару үшін қазірден бастап ат салысатын айтты. – Осы университетке, ШҚМТУ-нің ректоры Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов мырзаға ризашылығым мен алғысым шексіз. ШҚМТУ басшысы болып Жасұлан Құдайбергенұлындай адамдар тұрғанда, бұл университет үнемі жоғары биіктерден жоғары деңгейде көріне беретініне сенемін. Балам үшін қуанышым мен ішімдегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес, - деп көзіне жас алды Жандостың әкесі Бауыржан Ахметов.

Кадастр факультетінің бірінші курс студенті – 2016 жылғы «Жас Талап-KZ» көшбасшысы Тұрысбеков Диас та Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і сияқты керемет университет оның оқуына, армандарын ары қарай іске асыруға мүмкіндік бергеніне қуанышын жасыра алмады.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-інің ректоры Ж.Шаймарданов бірінші курс студенттеріне белгілі мақсаттарға жету үшін аянбай күш-жігерлеріңді салыңдар деп ақылын айтты. – Құрметті бірінші курс студенттері, сіздерді жасап отырған керемет таңдауларыңызбен құттықтап, болашақта сіздер еліміздің беделді азаматтары болып қалыптасуларыңызға тілектеспін. Жолдарыңыз ақ, келе жатқан жылымыз берекелі болсын, еліміздің аспаны көк болып, түгеліміз келе жатқан жылды жақсы нәтижелермен, жақсы жеңістермен өткізетін болайық, - деп, студенттерін жылы ниетпен қарсы алды.

Соңынан, бірінші курс студенттерін жаңа оқу жылымен ШҚМТУ-нің вокалдық ансамблі мен хореографиялық ұжымы өз өнерлерін көрсету арқылы құттықтады.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі