Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары INTI INTERNATIONAL UNIVERSITY-де Малайзиядағы Нилай қаласында өткен "Embracing transformation on Innovation and Creativity for a Sustainable Futur" ICIT 2023 International CONFERENCE ON INNOVATION and TECHNOPRENEURSHIP ICIT 2023 VI Халықаралық конференциясына қатысты.

Конференцияға қатысушылар: Венгрия, Украина, Австралия, Филиппин, Бангладеш және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келді.

Тақырыптың өзектілігі университеттегі «Озыңқы инженерлік білім берудің ұлттық моделі және оның Қазақстанды технологиялық жаңғыртудағы рөлі» мәселелерімен айналысатын жұмыс тобының қызығушылығын тудырды. Әріптестер "Education and Lifelong Learning" секциясында "State policy For the development of Engineering Education in the Republic of Kazakhstan" тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

ШҚТУ мен INTI университеті арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылғанын ескере отырып, әріптестер төмендегі жұмыс мәселелерін талқылады:

  • студенттердің академиялық ұтқырлығы, оның ішінде INTI стипендиялық бағдарламаларына қатысу;
  • оқытушылардың тағылымдамасы және университет базасында зерттеу жұмыстарын жүргізу (ұзақтығы 2 айдан 3 айға дейін);
  • докторантура мен магистратурада білім алушыларға арналған арнайы бағдарламалар;
  • бірлескен зерттеу жобалары және олардың жоғары рейтингті журналдарда жариялануы;
  • медициналық инжиниринг бағыты ерекше қызығушылық тудырды.

Кездесуге Prof. Dr. Goh Khang Wen - Global Engagement, Pro Vice Chancellor қатысты. Университеттің бағыты, болашағы мен жетістіктері туралы айтып берді. Профессор ШҚТУ-ды аталған бағыттардағы ынтымақтастық үшін перспективалы серіктес ретінде атап өтті.