Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғам мүшелерін тарта отырып, кешенді жұмыс жүргізуде. Дін өкілдерімен бірлескен жұмыстың негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда діни бірлестіктердің әлеуетін кеңінен пайдалану, діни іс-шараларды өткізу кезінде адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты жалпы адамзаттық қасиеттерді насихаттау.

Осы орайда, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы, облыстық ақпараттық үгіт-насихат штабының белсенді мүшелерінің бірі Ермек Мұқатай студенттермен кездесу өткізді. Кездесуде Ермек Тасболатұлы індетпен күресу тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы емес, онымен бүкіл қоғам болып күресу қажеттігін атап өтті.