ШҚМТУ Стартап Академиясының студенттері 2018 жылы өткізілетін Ұлттық байқауға дайындалу мақсатымен Алматы қаласында 6-10 желтоқсан аралығында Enactus Kazkakhstan республикалық кеңсесі ұйымдастырған Top to future top forum жыл сайынғы форумына қатысты.

Enactus – студенттер, бизнес көшбасшылары, жоғары оқу орындарын біріктіретін ірі халықаралық коммерциялық емес ұйым. Enactus студенттері халықтың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асырады. Enactus оқытушылары мен іскер серіктестері студенттерге бағыт-бағдар береді  және командалардың тәлімгерлері қызметін атқарады. Студенттер өздерінің жобаларын бизнес көшбасшылары бағалайтын жыл сайынғы жарыстарға ұсынады. Үздік команда жыл сайын әлемнің түрлі қалаларында өтетін Әлем кубогына қатысуға мүмкіндікке иеленеді.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ қабырғасында 2012 жылдан 2014 жыл дейінгі кезеңде университетімізде 2013 жылы Enactus Kazkakhstan жобасының ұлттық чемпионы атанған, университетіміз және еліміздің атынан Мексиканың Канкун қаласында Enactus 2013 Әлем кубогына қатысқан Enactus командасы жұмыс жасағанын атап өткен жөн.

2017 жылдың қыркүйегінде Стартап Академиясының негізінде ШҚМТУ-дың алдыңғы Enactus командасының мұрасы қалпына келтірілді және Enactus PRO D. Serikbayev EKSTU командасы құрылды. Команданың капитаны болып 17-МБК-1 тобының 1 курс студенті Арлан Сүлейменов, ал 15-ВТ-1 тобының 3 курс студенті Екатерина Веселова вице-капитан болып тағайындалды. Қазіргі уақытта команда құрамында 15-тен астам студент бар.

ШҚМТУ Стартап Академиясының,
Айбек Баукенов