Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да студенттер күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Оған барлық студенттік ұйымдардың белсенді жастары қатысып, өз қолдарымен жасаған тағамдарды ұсынды. Жастардың қайырымдылық мақсаттағы бастамаларына қолдау көрсетіп, жәрмеңкеге қойылған заттарын сатып алушылар көп болды.

Жәрмеңкеде қызықты ойындар мен би алаңы, сыйлықтар болды.