Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде (Санкт-Петербург қ., Ресей) «Құрылыс және сәулет мақсаттарындағы ақпараттық модельдеу» IX халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (БИМАК-2026) өтті.
Конференцияға қатысу, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Санкт-Петербург мемлекеттік құрылыс және сәулет университеті арасындағы 2023 жылғы 26 сәуірде жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясында өтті. Біздің университеттен конференция жұмысына «Жобалаудағы BIM-технологиялар» ғылыми-өндірістік орталығының басшысы Александр Владимирович Хапин және осы орталықтың жетекші ғылыми қызметкері Бекболат Еспулұлы Махиев қатысты.
Конференция құрылыс саласын цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттарын талқылау үшін кәсіби қоғамдастық, білім беру және білікті бизнес өкілдерін біріктірді.
Конференция аясында «Құрылыс және сәулет мақсаттарындағы жасанды интеллект», «Мәдени мұра объектілерін цифрлық жаңғырту», «Көлік секциясы» және т.б. секциялар жұмыс жасады.
Конференция жұмысы барысында цифрлық технологиялардың жаңа деңгейге шығатынын көрсетті: олар құрылыс және сәулет нысандарының дәлдігі жоғары үлгілерін жасауға мүмкіндік береді, алайда оларды тиімді қолдану жүйелі тәсілді талап етеді. Ол мамандарды даярлауға, нысандарды жобалауға, құрылыс технологиясына сандық технологияларды енгізуден тұрады және құрылыс өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтиды.
Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде мектептерде сандық сыныптар құру арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар берудің қызықты тәжірибесі жинақталған. Университеттен мектеп оқытушылары ретінде жоғары курс студенттері мен магистранттар тартылады, сандық сынып түлектері университетке түсу кезінде жеңілдіктер алады.
Конференция барысында құрылыс және сәулет мақсаттарында жасанды интеллектті қолдану бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды, оны қолдану тәжірибесі туралы Санкт-Петербург қаласының жобалау ұйымдарының өкілдері айтып берді.
Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінде жыл сайын өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу, BIM-жобалау және цифрлық білім беру технологияларын дамыту саласындағы қалыптық базаны жедел зерделеуге мүмкіндік береді.