13 қарашада Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде кәмелетке толмаған білім алушылардың қауіпсіздігі, денсаулығы және әл-ауқаты мәселелеріне арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында мынадай өзекті мәселелер қаралды:
- жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы және отбасы мен колледждің жауапкершілігі;
- буллингтің, кибербуллингтің, дропперліктің, физикалық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
- жасөспірімдердің эмоционалдық әл-ауқаты, мінез-құлқындағы алаңдатарлық өзгерістерді дер кезінде анықтау және қажетті қолдау көрсету;
- білім алушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы және білім беру процесіне белсенді араласуы мәселелері бойынша ата-аналар мен колледждің өзара іс-қимылы.
Балаларды тәрбиелеудегі, қауіпсіз орта қалыптастырудағы және педагогикалық ұжыммен байланысты нығайтудағы отбасының рөліне ерекше назар аударылды.
Әр баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты — біздің ортақ жауапкершілігіміз!