Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға Бельгия корольдігінің Қазақстандағы елшісі Мишель Петерманс пен осы елшіліктің сауда-экономика бөлімінің бастығы Лейла Алиева келді.

Меймандарды университет ректоры Нұрлан Темірбеков пен ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Олег Гавриленко қарсы алды. Университетке экскурсия кезінде «Іргетас» зертханасының мүмкіндіктері көрсетілді, олар «Үлкен Алтай» геологиялық музей-зертханасымен танысты, «Бастау» технологиялық бизнес инкубаторында болды. Меймандарға студент-дизайнерлердің сәулет-құрылыс факультетінің көрмесіндегі шығармашылық жобалары қатты әсер етті. 

Мишель Петерманс ЖОО-ның жоғары ғылыми әлеуеті мен оның ғылыми талдауларын атап айтты. Ол Бельгияның компаниялары мен университеттері Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен серіктестік байланыс орнатуға мүдделі боларына сенім білдірді.