Бәріңе сәлем, достар! Жағдайларыңыз қалай?

Сіздерге осы жылдың ең басты жаңалығы жайлы хабарлауға дайынбыз

Естеріңізде болса жақында жастар үшін арнайы тегін мобильді қосымша әзірлейтінімізді жариялаған едік!

Осыған байланысты алғаш рет Қазақстан студенттерінің Альянсы ASKHackday өткізбек!

17-18 маусым күндері бәрінің сүйікті инновациялық идеялар фестивалі - ASKHackday өтеді! Сондықтан тезірек жазылып, жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

ТІРКЕЛУ АШЫҚ

Хакатонға қатысу үшін арнайы белгіленген уақыт аралығында кез-келген өзіңізге ыңғайлы кезде Google Forms-те өтініш бере аласыз. Сілтеме @qsa_ask парақшасында көрсетілген.

Хакатонның мақсаты - қатысушылар кәсіптік бағдар беру жұмысына көмектесетін мобильді қосымшаны әзірлеу. Фестивальға Хакатонның арнайы ережелерінде белгіленген талаптарға сай команда жинап, өтінімдерді жібере аласыздар!

Жалпы жүлде қоры - 1 миллион теңге және басқа да көптеген бағалы сыйлықтар құрайды. Сондай-ақ ірі компанияларда тәжірибе өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады

Команда жинап, шешімін тауып және оны жүзеге асырыңыздар

Бұл тамаша жаңалықпен достарыңыз және таныстарыңызбен бөлісуге асығыңыз !!!

Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар! Жаңа тарихи оқиғаның куәсі болыңыздар

Барлық сұрақтар бойынша:

  • 87085788434 Амина,
  • 87077002624 Қымбат,
  • 87711236985 Аружан.