Speech day

Достар, әріптестер, АНГАР-ға қатысушылар және серіктестер!

«ANGAR» еркін студенттік кәсіпкерлік алаңының мақсаты – білім алушылардың кәсіпкерлік қабілетін қалыптастыру. Биыл Бизнес және кәсіпкерлік мектебінде тәжірибе ретінде «Кәсіпорын экономикасы» тәртібіне апгрейд жүргіздік. Оның нәтижесі ретінде бизнес жобасын қорғау көзделеді.

22 желтоқсан күні үздік жобалар әділ қазылар назарына ұсынылады. Сын мінберінен бизнесмендер, ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы дирекорының орынбасары, ШҚТУ коммерцияландыру бөлімінің мамандары жұмыстарды талқылап, қорытынды шығарады.

Достар дауыс беруге белсенді қатысып, өз көзқарасыңыз бойынша лайықты және инвестициялауға тұрарлық деп тапқан жобаны таңдаңыздар.

Бүгін назарларыңызға келесі жобаларды ұсынамыз:

  • Сән және денсаулық
  • Ауыл шаруашылығы

Қатысушыларды қолдап, https://forms.gle/RVk8nAMDfCYTADNE9 сілтемесі бойынша дауыс беріңіздер.

Дауыс беру қорытындысы 22 желтоқсан күні жарияланады.

ANGAR – биік стартаптар серпіні!