Жеңіс күні мерекесін атап өтуге байланысты 1-10 мамыр аралығында Өскеменде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізу жоспарланған.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары ІТ колледжінің студенттері ҰОС ардагері А.П.Светочеваға қонаққа барды.

Акция аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ауласын, тұрғылықты жерін тазалау жұмыстары көзделген.

Бүгінгі ашық аспан, бақытты балалық шақ, бейбіт өмір мен Жеңіс күні үшін ардагерлерге қарыздармыз. Бүгінгі сәулелі күнде аяулы қарттарымызға мыңдаған алғыстар, тілектер айтылуда. Біз де бұл әдемі шараға үн қосып отырмыз.

Отан тағдырына деген жанкештіліктеріңіз, ұмтылыстарыңыз баршаға үлгі болуы тиіс!