2020 жылы 28-ақпанда «Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасындағы «Алтын бесік - Мұзтау» студенттік клубының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Аталған шараға университеттің барлық мектебінің студенттері көрермен ретінде қатысып, 19-ГФМК-1, 19-АУК-1, 1-ЭЛК-2, 18-ГТК-4 тобының студенттерінен 4 команда құрылып, интеллектуалдық сайыста жарысты.

Интеллектуалдық сайыс тақырып бойынша слайд қорғау, сұрақ-жауап кезеңі, «Өлең – сөздің патшасы» атты 3 кезеңнен тұрып, Абай Құнанбайұлының өмір-баянын, шығармашылығын толық қамтып, қазақтың ұлы тұлғасының бет-бейнесін аша білді. І кезеңде сайысқа қатысқан топтар Абайдың туып өскен жері Жидебай ауылы және Семей қаласы туралы, президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан», Абайдың қара сөздері мен өлеңдері, Абайдың музыкалық туындылары туралы слайд қорғады. ІІ кезеңде Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына байланысты топтарға және көрермендерге сұрақ қойылды. Ал «Өлең – сөздің патшасы» атты ІІІ кезеңде қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа айтудан жарысты.

Содай-ақ, 19-КДК-2 тобының студенттері сайысты жүргізіп, 18-ГТК-4 тобының студенттері Абай атамыздың әні мен күйін орындады. Сайыс соңында қатысушы топтардың қорытынды ұпай сандары шығарылып, жүлделі орындар белгілі болды. Жүлделі бірінші орынды 18-ГТК-4 тобының студенттері, екінші орынды 19-АУК-1 тобының студенттері, үшінші орынды 19-ГФМК-1 және 19-ЭЛК-1 тобы йеленді. Марапаттау рәсімі әділ-қазылар алқасы, «Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Айдарбаева Р.К. және кафедра оқытушылары Калиева К.С. , Абдыгалиева Л.И., Джаксылыков А.Ф., Касен Н және «Алтын бесік - Мұзтау» студенттік клубының жетекшісі Урюстюмова А.И. ұйымдастыруымен болды.

Бұл шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде үлкен орынға ие болды деп ойлаймыз. Жас ұрпақ дана әрі дара тұлғамыз туралы біліммен сусындап, қазіргі қоғамдағы орнымен толығымен танысуға мүмкіндік алды.

«Алтын бесік - Мұзтау» студенттік клубының жетекшісі: Урюстюмова Айзат Ишимбаевна.