Биыл Шығыс Қазақстан құрылыс-жол институтының (қазіргі - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» факультетін бітірген түлектерге 40 жыл толды. Осы айтулы оқиғаға орай бұрынғы курстастар қайта бас қосып, таныс дәліздермен жүріп өтті, студенттік жылдарын еске алып, жетістіктерімен бөлісті.

1985 жылғы түлектерді университеттің Мансап орталығы ерекше ықыласпен қарсы алды. Қонақтарды университет ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы өзі қарсы алды. Кездесуде сол кездегі факультет деканы Юрий Васильевич Баталовпен жүздесу ерекше толқу мен қуаныш сыйлады. Ол кісімен бірге түлектер кезінде дәріс тыңдаған аудиторияларға барды.

Қонақтарға университеттің бүгінде қалай өзгергені көрсетілді. Олар келесі нысандарды аралады:

  • «Алтын Алтай» музейі - Қазақстан Алтайының геологиясы мен палеонтологиясы, көне тау-кен және металлургия дәстүрлерінің басталуы, діни культтердің қалыптасуы туралы ақпаратпен танысты;
  • Құрылыс саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы - заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған;
  • Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығы - инженериядағы жаңа тәсілдермен танысты.

Түлектер университеттің дамуына тәнті болып, өздерінің alma mater-і үшін мақтаныш сезімдерін білдірді.

Таныс дәрісханалардың бірінде олар студенттік өмірін, алғашқы лекцияларын, «Студенттік көктем» шараларына қатысқан кездерін еске алды. Әрқайсысы өз кәсіби жолы, жетістіктері мен жолындағы қиындықтар туралы әңгімеледі.

Юрий Васильевич Баталовқа арналған алғыс сөздер ерекше айтылды. Түлектер дәл осы ұстаздың бойларына білімге құштарлықты, табандылық пен өзіне деген сенімділік дарытқанын және бұл қасиеттердің өмір жолында көп көмегі тигенін атап өтті.

Кездесу өте жылы әрі шынайы көңіл-күйде өтті. Түлектер бір-бірімен және өз университетімен байланыстарын үзбеуге, Түлектер қауымдастығының мүшесі болуға және келесі мерейтойға қайта оралуға уәде берді.

«40 жыл - бұл жай ғана сан емес, бұл - тәжірибеге, табыс пен естеліктерге толы тұтас бір өмір. Біз қай жерде болсақ та, біздің институт әрдайым жүрегімізде сақталады!» - деп түйіндеді кездесу қатысушылары.