БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні жарияланды. Мерекенің негізгі миссиясы – қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.

Қазақстанда отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады және отбасы құндылықтары мәселесі соңғы жылдары қоғамда қызу талқылануда. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ отбасылық институт мәселесін, оның сұраныстары мен қажеттіліктерін, тиісті психологиялық және моральды, материалды көмек мұқтажын «EKTU otbasy - *Well-being ырыс-береке аймағы» жобасы арқылы жүзеге асырып келеді.

Жоба сәттілігі биыл Қазақстандағы «Ең үздік жоба» номинациясында жеңіп, арнайы грант иегері атануымен дәлелденді. Расында, оқытушылардың психологиялық тұрақтылығы, отбасылық берекесінің амандығы студенттің білім сапасына ықпал ететіні айқын. Бұл байланыстың кілті біздің психологтармен де талай мәрте дәлелденген.

Университетімізде түрлі династиялар, жастар және орта жастағы мамандар, аға буын өкілдері қызмет етеді. «EKTU otbasy - *Well-being ырыс-береке аймағы» жобасы аясында барлығын қамтуға тырысып, жоба ішілік бастамалар көтерілуде.

Барлық қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтаймыз!