Достар, бізде тағы да керемет жаңалықтар бар!

Біздің 12 білім беру бағдарламамыз халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті:

  • 6B04107 «Social медиа маркетингі»
  • 6В04109 «Мемлекеттік қаржы менеджменті»
  • 6B07109 «Медициналық инжиниринг (медициналық техника)»
  • 6B07309 «Жобалаудағы BIM – технологиялар»
  • 6B07312 «Жер кадастры және жерге орналастыру»
  • 6B11202 «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қауіпсіздігін инновациялық басқару»
  • 7M04102 «Технологиялық кәсіпкерлік»
  • 7M04107 «Әлеуметтік медиа маркетинг»
  • 7M07312 «Жер кадастры және жерге орналастыру»
  • 7M11301 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
  • 8D05401 «Математика»
  • 8D07103 «Жылу энергетикасы».

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) 2023 жылғы 26 мамырда Аккредиттеу Кеңесінің отырысында (№74 хаттама) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуді алу үшін қажетті талаптарға сәйкес келетіні туралы шешім қабылдады!

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық тізілімінің (EQAR) белгісі және жоғары білім берудегі сапа кепілдігі агенттіктерінің Еуропалық қауымдастығының (ENQA) белгісі біздің білім беру бағдарламаларымызды аккредиттеу туралы куәліктерде Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға және білім беру бағдарламаларына толық сенім және оларды әлемдік кеңістік тарапынан тану туралы куәландырады.

6B07109 «Медициналық инжиниринг (медициналық техника)» білім беру бағдарламасы Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясының (WFME) белгісімен де белгіленді.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, «Семей медициналық университеті» КЕАҚ сияқты серіктес ЖОО-ларымызға 6B04107, 7M04107 «Social медиа маркетинг», 6B07109 «Медициналық инжиниринг (медициналық техника)», 7M04102 «Технологиялық кәсіпкерлік» білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жүзеге асырылатын ЖОО-ларға жеке алғыс пен құттықтаймыз».

Университеттің барлық ұжымын, әсіресе, аталған білім беру бағдарламаларының басшыларын және профессор-оқытушылар құрамын халықаралық аккредиттеуден өтуімен құттықтаймыз және одан әрі дамуды және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

СЕРТИФИКАТЫ ...

СЕРТИФИКАТЫ ...

Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы