Биыл Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. 2018 жыл Ұлы Ақын жылы деп аталуда. Қазақстанның әрі өңірінде Мағжан оқулары, конкурстар, сайыстар, айтыс пен кітап көрмелері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ұлт қайраткері һәм ақын туған күні қарсаңында «Мағжан көктемі» атты республикалық өнер фестивал өткізіледі

Шараның басты мақсаты - жаңа қазақ әдебиітінің негізін қалаған Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.

Қазақстан аумағынан бөлек, түрік мәдениетінің халықаралық ұйымына енген елдерде де ұлы тұлғаны еске алуға арнайлған мерейтой шаралары өткізіледі. Қазіргі күннің өзінде, ақын шығармашылығына арналған шаралар Түркия және Қытай мемлекеттерінде ұйымдастырылды. Ұзақ жылдар бойы Мағжан Жұмабаев есімі айтылмай келсе, бүгінгі күні оны талатты ақын, жазушы, аудармашы һәм ұстаз ретінде әлемнің ар мемлекетінде біледі.

Университет кітапханасында «Мағжанның жарқын жұлдызы - Яркая звезда Магжана» атты тақырыптық кітап көрмесі жұмыс жасайды. Оқырмандарымызды осынау теңдесіз лирик, қарымды қайраткер әрі патриот тұлғаның өмір жолына ой жүгіртуге шақырамыз!