Есіркегенова Дина
Есіркегенова Дина

 

Тәуелсіздіктің ақ таңы

Келеді ақ таң атып құлан иек,
Сөзімнің жүйелісі болар тиек,
Тәуелсіз құтты болсын
Әрбір күнің,
Ақындар жыр арнасын
Айға білеп,

Кетпейді естен мәңгі
Қара түнек,
Қазақта құса болған
қайғы тіреп,
Кешегі бабалардың батырлығы,
Бұлқынып қуанышты әрбір жүрек!

Ояншы ,оян қазақ деген бабаң,
Батырлар шығып еді толып алаң,
Рухы биік қазағым дес берген бе,
Тәуелсіз алды бүгін сайран
далам,

Құттықтап мерекені жыр шашайын,
Термелеп тектілерден сөз қашайын,
Тойлайтын Тәуелсіздік күн туыпты,
Өрілген сұлу сөз бен  үн қосайын,

Жалғассын саған жырым, жыр
қосқанда,
Шашуы шашырасын нұрлы аспанға,
Желбіреп тәуелсіздік тікке туың
Жалғассын таусылмайтын жыр дастанға,

Қазақтың ұлт санасы жаңылмасын,
Зерделеп терең бойлап
дамылдасын,
Әлемге әйгілі боп танылар ед,
Тіліміз өзен судай ағылғасын,

Қазақтың Серкелері қырқылған да,
Езіліп қара қалық  мұң тұнғанда,
Жүрекке мәңгі өшпейтін
жара салып,
Жарасы бұл қазақтың ұмытылған ба,

Жаңа күн,жаңа ғасыр белең берді,
Ұрпағың көңіл толқып елеңдеулі,
Алаулап жүректерде шаттық сезім,
Аңсайды ұлт жанашыр  кемеңгерді,

Жол тауып қиынынан қиыстырып,
Бір арнаға сананы сыйыстырып,
Үміт күткен қазақтың Алыптары,
Басын қосса ,өр халқын ұйыстырып,

Күн туып берекелі
ырысты ғып,
Тәуелсіз-мәңгі болсын
құрышты нық,
Келеді ақ таң атып,
арайланып,
Көтеріп көкжиекті ығыстырып.

 

Ержүректер ел есінде

Ашкөздік, жерге талас басталғанда,
Қанішер қаскөйлер қасымызда.
Күн туды қазағыма тағы да,
Сақталар осы күндер жадымызда.

Қазағым ешкімге тиген емес,
Жерінде жанұшыра бермек емес.
Жасы да кәрісі де бәрі кетті,
Ашулы қазақ сенің теңің емес.

Берілмеді, көрсе де күнде азап,
Шыдады қырылса да қанша қазақ.
Бас түсірмей еңсесі тік қазағым,
Тәуелсіз мойынсұнбас бүгін азат.

Өткеннің ер жүрек жігіттері,
Қаракөз, сұлу қыз, бойжеткені.
Бәрі де ат салысты жеңіс үшін,
Қасық қаны қалғанша күрескені.

Еске аламыз батырларды ертедегі,
Жазылсын құлпытасқа аты – тегі.
Құрбан еткен өмірін ел қамы үшін,
Болашақта үлгі болар бізге мәңгі.

Оразкенова Аймарал

                                                             Кусан Жанболат
Кусан Жанболат

Желтоқсан алаңы

Желтоқсанның алаңы суық ызғар тартады,
Әділетсіздікке толы болған алқабы.
Әділет іздеген Отан деген жастарға,
Биліктегілер ұлтшыл деген айып артады.

Суық күні су құйып, ұрып соғып жатады,
Аямайды, жанға қатты батады.
Ол аздайын ең қиыны шатағы,
Итке талатып, мылтықпен де атады.

Сондадағы мойымайды рухты қазақ жастары
Ұрып соғып аямастан атса да…
Кері қарай біреуі де қайтпады,
Керісінше Қайрат сынды жігіттер алға қарай тартады.

Желтоқсандағы оқиға
Тәуелсіздік қалай келгенін айтады.
Жалыны күшті көтерілістер
Талай жанды жайпады.

Осылайша келген тәуелсіздік еліме,
Ата бабам ие болған жеріне.
Ендігіде біз ие боп қалмақпыз,
Кір келтірмейік бабалардың сеніміне.

Құрбан болудан да қорықпай барған,
Қаншама қиын қауіпті істерге.
Аманат қып қалдырды ғой біздерге,
Қазақтың сақтап қалған тәуелсіздігін,
Үлкен алғыс сіздерге!