Minor: «Биологиялық жүйелердің инженерлік және теориялық биомеханикасы»

Аталған Minor инженерлік-техникалық білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған және инженерлік ғылымдар мен биология тоғысындағы пәнаралық білімді қалыптастыруға бағытталған. Курс аясында биологиялық тіндерге, ағзалар мен ағза жүйелеріне қолданылатын механиканың принциптері зерттеледі. Биомеханикалық үдерістерді модельдеуге, қозғалыс, деформациялар мен биологиялық құрылымдарда туындайтын күштерді талдауға, сондай-ақ медициналық құрылғылар мен тірі тіндердің өзара әрекеттесуіне ерекше көңіл бөлінеді.

Мақсаты:

Студенттерді биологиялық жүйелерді талдау, медициналық техниканы организмнің биомеханикалық ерекшеліктерін ескере отырып жобалау және бейімдеу, сондай-ақ науқастың жеке параметрлеріне бағытталған протездер, импланттар және оңалту құралдарын жасау мен зерттеу салаларында инженерлік-механикалық тәсілдерді қолдана алатын мамандар ретінде даярлау.

«Биологиялық жүйелердің инженерлік және теориялық биомеханикасы» Minor-ын меңгеру барысында студенттер адам организмінің биологиялық құрылымдарымен әрекеттесетін медициналық техниканы жобалау, әзірлеу және бағалау саласында кәсіби қызмет атқаруға қажетті іргелі білім алады.

Пән: Биомеханика негіздері

Биомеханика негіздері – биологиялық жүйелердің жұмыс істеуінің механикалық негіздерін зерттеуге бағытталған пән. Курс бұлшық ет, сүйек, дәнекер тіндерінің қасиеттерін, тірек-қимыл аппаратының қозғалыстары мен жүктемелерін, тепе-теңдік пен дене тұрақтылығының принциптерін қарастырады. Биологиялық объектілерге қолданылатын механика заңдары және тірі тіндердегі деформация, күш және қысымды бағалау әдістері оқытылады. Пән медициналық инженерияда, соның ішінде импланттарды жобалауда биомеханиканың қолданбалы аспектілеріне ерекше көңіл бөледі.

Нәтижесі: Студенттер адам организміндегі физикалық және биологиялық үдерістердің, сондай-ақ техникалық жүйелердің өзара әрекеттесуін түсінуге мүмкіндік беретін білімді меңгереді.

Пән: Инженерлік биомеханика

Инженерлік биомеханика – инженерлік әдістер мен механика принциптерін биологиялық құрылымдар мен үдерістерді талдау мен модельдеуге қолдануды зерттейтін пән. Курста тіндердің механикалық қасиеттері, мүшелер мен жүйелердің ішкі және сыртқы жүктемелер әсеріндегі тәртібі қарастырылады.

Негізгі мазмұны:

  • Импланттар, ортопедиялық құрылғылар, протездер сияқты медициналық бұйымдарды биомеханикалық параметрлерді ескере отырып жобалау және оңтайландыру;
  • Биомедициналық талаптарға сай инженерлік талдау және жобалау дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты:

Медициналық техника, оңалту және биомедициналық инженерия салаларында жұмыс істеуге қабілетті, биомеханикалық ойлау қабілеті дамыған инженер мамандарды даярлау.

Маманның құзыреттілік картасы Қалыптастырылатын негізгі құзыреттер Оқу нәтижелері
Адамның биологиялық құрылымдарымен өзара әрекеттесетін техникалық шешімдерді талдау, модельдеу және жобалау үшін инженерлік және биомеханикалық принциптерді қолдана білу қабілеті

 

Биологиялық тіндердің механикалық қасиеттерін талдайды және олардың ішкі және сыртқы жүктемелер әсеріндегі мінез-құлқын инженерлік әдістерді қолдана отырып бағалайды

 

Науқастың анатомиялық-физиологиялық және биомеханикалық ерекшеліктерін ескере отырып, медициналық техниканың элементтерін (имплантаттар, протездер, ортездер) жобалау

 

Тірек-қимыл және басқа да организм жүйелеріндегі биомеханикалық үдерістерді зерттеу үшін сандық және компьютерлік модельдеу әдістерін қолдану

 

 

Minor курстары:

  • Биологиялық жүйелер механикасының негіздері;
  • Инженерлік биомеханика.

 

  • Еңбек сыйымдылығы: 10 кредит
  • Пререквизиттер: жоқ
  • Тыңдаушылардың минималды саны: 10
  • Тыңдаушылардың максималды саны: 30
Соңғы өзгерістер күні:
09.09.2025