Minor «Кәсіпорындағы есеп және салық салу»

Бұл мамандық инженерлік мамандығындағы студенттеріне арналған. Егер сіз бухгалтерлік балансты оқып, құруды, қаржылық және салық есептерін түсінуді, бухгалтерлік есеп жүргізу үшін компьютерді қолдануды, Қазақстанда және шетелде жұмыс істейтін кәсіпорындарда қаржы және салық қызметтерінің өкілдерімен тең дәрежеде қарым-қатынас жасауды үйренгіңіз келсе, онда «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және салық салу» мамандығы маңызды. Бұл  сізге қажетті білімді ғана емес, сонымен қатар оларды кәсіпорынның нақты жағдайларында қолдану бойынша практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Осындай білім әр қызметкерге керек - қарапайым менеджерден бастап компанияның басшысы немесе иесі.

 

Мақсаты: «1С: Кәсіпорын. Қазақстан үшін бухгалтерия» бағдарламасында бухгалтерлік есепті дербес жүргізуге мүмкіндік беретін білімдер жиынтығын беру, сонымен қатар шағын бизнес субъектілері үшін кәсіби қызметте бухгалтерлік есеп және салық есептілігі туралы ақпаратты пайдалану.

Мамандардың құзіреттіліктері картасы Қалыптасқан негізгі құзіреттер Оқыту нәтижелері
Қаржылық-есептік ақпаратта, салық заңнамасында бағдарлану және оны талдау мен басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану қабілеті
Нормативтік-заңнамалық актілерге және қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есептік процесті ұйымдастыру дағдысын меңгеру. Салық міндеттемелерін есептеуді орындау, салық есептілігін жасау. «1С: Кәсіпорын. Қазақстан үшін бухгалтерия» жүйесінде негізгі жұмыс принциптерін меңгеру.

 

 

Minor курсы:

 

  • Еңбексыйымдылығы:  15 кредитов
  • Пререквизиттер:  жоқ
  • Тыңдаушылардың ең аз саны:  10
  • Тыңдаушылардың ең көп саны:  60