В031 "Сән, дизайн интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн" және В073 "Сәулет" шығармашылық білім беру бағдарламалары топтары бойынша түсушілер үшін

Шығармашылық білім беру бағдарламаларына өтініштер қабылдау 20 маусымнан бастап 7 шілдеге дейін.

Шығармашылық емтихандар 8 шілдеден бастап 13 шілдеге дейін.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсетін талапкерлер өздері таңдаған ЖОО-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.

Шығармашылық емтихандарды өткізу білім бағдарламалары топтары бойынша шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсетін талапкерлер үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бейіндік пәннен балдары ескеріледі.

Шығармашылық емтихандар тапсыратын талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмес;
  • ҰБТ сертификатын (бар болған жағдайда).

Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға ниет білдірген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.


phone1 Анықтама үшін телефон

  • Инженерия факультеті - 54 09 40
  • Қабылдау комиссиясы - 51 08 85, 54 03 54, 54 13 09

Сызу мен суреттен тапсыратын шығармашылық емтиханды жүргізу бағдарламасы.