Сіздерді цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған «Жасанды интеллект және инновациялар: жаңа сынақтар мен болашақтың инженерлік шешімдері» атты студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың XII Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференция 2026 жылғы 9–10 сәуір аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өтеді.

Қатысуға студенттер,  магистранттар,  докторанттар, жас ғалымдар шақырылады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

  • Инженериядағы жасанды интеллект
  • Құрылыс, сәулет және энергетикадағы жасанды интеллект
  • Жасанды интеллект технологияларының даму үрдістері мен перспективалары
  • Жер және қоршаған орта ғылымдарындағы жасанды интеллект
  • Жасанды интеллект және қоғам
  • Гуманитарлық ғылымдарда, спортта және қорғаныс саласында жасанды интеллект

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның негізгі күндері:

16 ақпан - 02 наурыз Ғылыми мақаланы тапсыру
02-30 наурыз Мақалаларды бастапқы тексеру, плагиатқа тексеру, рецензиялау, финалдық нұсқаны тапсыру, төлем жасау
09-10 сәуір Конференцияның жұмысы

Қатысуға өтінімді, конференция талаптарына сәйкес ресімделген мақаланы, төлем туралы түбіртекті конференция сайтына жіберуіңіз керек.

Конференция сайтына сілтеме: https://sites.google.com/edu.ektu.kz/studconf2025

Байланыс телефоны: +7 705 415 5873 (Жунусова Альмира Казбековна - Ғылыми-зерттеу қызметі департаментінің бас маманы)