
Сіздерді цифрландыру және жасанды интеллект жылына арналған «Жасанды интеллект және инновациялар: жаңа сынақтар мен болашақтың инженерлік шешімдері» атты студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың XII Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференция 2026 жылғы 9–10 сәуір аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өтеді.
Қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар шақырылады.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
- Инженериядағы жасанды интеллект
- Құрылыс, сәулет және энергетикадағы жасанды интеллект
- Жасанды интеллект технологияларының даму үрдістері мен перспективалары
- Жер және қоршаған орта ғылымдарындағы жасанды интеллект
- Жасанды интеллект және қоғам
- Гуманитарлық ғылымдарда, спортта және қорғаныс саласында жасанды интеллект
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның негізгі күндері:
| 16 ақпан - 02 наурыз | Ғылыми мақаланы тапсыру |
| 02-30 наурыз | Мақалаларды бастапқы тексеру, плагиатқа тексеру, рецензиялау, финалдық нұсқаны тапсыру, төлем жасау |
| 09-10 сәуір | Конференцияның жұмысы |
Қатысуға өтінімді, конференция талаптарына сәйкес ресімделген мақаланы, төлем туралы түбіртекті конференция сайтына жіберуіңіз керек.
Конференция сайтына сілтеме: https://sites.google.com/edu.ektu.kz/studconf2025
Байланыс телефоны: +7 705 415 5873 (Жунусова Альмира Казбековна - Ғылыми-зерттеу қызметі департаментінің бас маманы)