Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, 070004, Өскемен қ., Протозанов көшесі, 69, телефоны 8 (7232) 57 79 83 , бос қызмет орындарына орналасу конкурсы туралы хабарлайды:

1. Факультет декандары:

  • «Бизнес және кәсіпкерлік мектебі»-1
  • «Жер туралы ғылымдар факультеты»-1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылыми дәреженің болуы, білім беру ұйымдарындағы басшы лауазымында немесе тиісті базалық мамандық бойынша  жұмыс өтілінің кем дегенде 3 жыл болуы. Білім менеджменті бойынша біліктілікті жетілдіру курсын өту туралы сертификатының (куәлік) болуы.  Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу.

2. Факультет декандарының орынбасарлары:

  • «Халықаралық жоғары техникалық мектеп Оскемен»-1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылыми дәреженің, ғылыми-педагогтік қызметтегі жұмыс өтілінің кем дегенде 5 жыл болуы. Ғылыми дәреже болмаған кезде, мамандық (қызмет бейіні) бойынша іс-тәжірибелік жұмыс өтілі кем дегенде 7 жыл, соның ішінде басшы лауазымында – кем дегенде 3 жыл болу керек. Білім менеджменті бойынша біліктілікті жетілдіру курсын өту туралы сертификатының (куәлік) болуы. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу.

3. Кафедра меңгерушілері:

  • «Геология және кен ісі»-1
  • «Машинажасау»-1
  • «Қазақ және орыс тілдері»-1
  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер»-1
  • «Су және орман ресурстары»-1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Ғылыми дәреженің, педагог жұмыскер лауазымындағы немесе мамандық бойынша жұмыс өтілінің кем дегенде 3 жыл болуы.  Ғылыми дәреже болмаған кезде, мамандық бойынша іс-тәжірибелік жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл, соның ішінде басшы лауазымында – кем дегенде 3 жыл болу керек. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу.

4. Аға ғылыми қызметкерлер:

  • «Рухани Жаңғыру кафедрасы»-1

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, тиісті мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің кем дегенде 10 жыл болуы, ғылыми еңбектердің немесе өнертабысқа берілген авторлық куәліктердің болуы. Ғылыми дәрежесі болған кезде,  жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл болу керек. Ағылшын тілін А2-В2 және одан жоғары деңгейде білу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар ректордың атына (еркін түрде) өтініш береді.

 Өтінішке қоса төмендегідей құжаттар беріледі:

  • кадрлар бөлімінің бастығымен расталған кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парақ;
  • төлқұжат немесе жеке куәліктің көшірмесі, өмірбаян;
  • жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біктілікті жетілдіру сертификаттарының көшірмелері (болған жағдайда);
  • кафедра меңгерушісімен, деканмен және Университеттің ғылыми хатшысымен расталған ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
  • № 086 нысанындағы медициналық анықтама.
  • қылмыстық құқықбұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама;
  • профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
  • конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  • )конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімін, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдарын және т.с.с) ұсынуға құқылы.

Бос қызмет орындарына орналасу конкурсына өтініштер қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Жоғарыда аталған құжаттарды «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлкеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлерді іріктеу және дамыту бөліміне белгіленген мерзімде тапсыру қажет, телефоны: 8 (7232) 57 79 83 (305-кабинет).