Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жыл сайынғы ЖОО ішіндегі кезеңі (1 кезең) өтті.
Конкурстың мақсаты университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының шығармашылық бастамалары мен кәсіби шеберлігін көтермелеу, қолдау, білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Конкурстық комиссия «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге арналған конкурстың 2-ші Республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлерді университеттің Ғылыми кеңесінде бекітуге ұсынды. Байқаудың барлық қатысушылары тиісті құжаттарды ұсынды.
Конкурстың 2-ші Республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлердің тізімі:
| № | Үміткердің Т. А. Ә. | Атқаратын лауазымы | ҮҒП еңбек өтілі | Алдын ала ұпайлар | Сараптамалық ұпайлар |
|---|---|---|---|---|---|
| 15 жылдан аспайтын өтілі бар үміткерлер | |||||
|
1 |
Рамазанова Райгуль Амангельдиновна |
PhD докторы, қауымдастырылған профессор |
14 лет |
78 |
78 |
|
2 |
Құсайын-Мұрат Әсел Түгелбайқызы |
PhD докторы, қауымдастырылған профессор м.а. |
9 лет |
62 |
62 |
| 15 жылдан астам тәжірибесі бар үміткерлер | |||||
|
3 |
Алибеккызы Карлыгаш |
PhD докторы, қауымдастырылған профессор |
24 года |
77 |
77 |
|
4 |
Омариева Динара Акылбековна |
аға оқытушы |
22 года |
72,5 |
72,5 |
|
5 |
Тогузова Маржан Мельсовна |
PhD докторы, қауымдастырылған профессор |
23 года |
72 |
72 |
«ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру конкурсы бойынша «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ комиссиясы отырысының 14.11.2025 ж № 1 хаттамасы.
Апелляция 2025 ж. 17 қарашада өтеді.