2025 жылдың қазан айында «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ әскери кафедрасына қосымша қабылдау өткізу жоспарлануда.
Әскери кафедраға түсу конкурстық негізде мынадай кандидаттар үшін ұйымдастырылады:
- Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін екінші (4 жылдық оқумен), үшінші (5 жылдық оқумен) және бірінші курс (колледжден кейінгі 3 жылдық оқумен) студенттері.
- Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін үшінші (4 жылдық оқумен), төртінші (5 жылдық оқумен), бірінші (колледжден кейін 2 жылдық оқумен) және екінші курс (колледжден кейін 3 жылдық оқумен) студенттері.
Конкурстық іріктеуге қажетті құжаттардың тізімі:
- Өтініш.
- Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
- Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі).
- E-Gov-тағы жеке кабинеттің ішінде прописка және әскери тіркеуі көрсетілген скриншот (толық бетті шығарасыз – распечатка).
- Көлемі 3х4 см екі фотосурет.
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
- Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.
- 2 файл.
Қажетті ақпарат Instagram (ektu.askerikafedra, ektu.kz) парақшасында, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сайтында (/).
Әскери кафедра мекен-жайы: Әміре Қашаубаев көшесі 7/2, №17 каб.
Анықтама телефондары: 8-705-644-19-95.