Өскемен, Қазақстан — 2026 жылғы 20 ақпанда сағат 10:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Green Minds — болашақтың экологиялық жобалары» атты мектеп оқушыларына арналған экологиялық жобалар байқауының қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілігін арттыруға және жастардың экологиялық бастамаларын қолдауға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Кездесу барысында мектеп оқушылары өздерін және жобаларын таныстырып, зерттеу мәселесі, мақсаттары мен әзірлемелерінің практикалық маңыздылығы туралы баяндайды.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін марапаттау рәсімі өтеді: барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, экологиялық ойлауды және тұрақты бастамаларды дамытуға қосқан үлестері үшін бағалы сыйлықтар беріледі.

  • Күні мен уақыты: 2026 жылғы 20 ақпан, сағат 10:00
  • Өтетін орны: Өскемен қаласы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
  • Таныстырылым: Г-3-319 аудиториясы
  • Марапаттау рәсімі: Акт залы

Білім беру ұйымдарының өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, ата-аналарды және барлық мүдделі тұлғаларды аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.