Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «100 үздік студент» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды. Байқауға күндізгі оқу бөлімінің барлық курс студенттері қатыса алады. Қатысушылардың оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық қызмет, студенттік өзін-өзі басқару органдарындағы белсенділігі, еріктілік, спорттық, мәдени өмір және көркем шығармашылық салаларында жоғары жетістіктері болуы қажет.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Оқу қызметі бойынша үздік студенттер»
- «Ғылым бағыты бойынша үздік студенттер»
- «Қоғамдық қызмет бағыты бойынша үздік студенттер»
- «Спорт бағыты бойынша үздік студенттер»
- «Мәдени-шығармашылық қызмет бойынша үздік студенттер»
Байқауға қатысу үшін 2025 жылдың 10 маусымға дейін «ВҚТУ-дың 100 үздік студенті» байқауының электронды портфолиосын толтыру қажет.
Портфолиоға келесі құжаттар (байқау материалдары) бекітілуі тиіс:
- Студенттің байқауға ұсынылу себептері көрсетілген сипаттама.
- Студенттің жетістіктері мен марапаттарын растайтын құжаттардың скан-нұсқалары (портфолио бөлімдеріне тіркеледі).