Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жыл сайынғы ЖОО ішіндегі кезеңі (1 кезең) өтті.
Конкурстың мақсаты университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының шығармашылық бастамалары мен кәсіби шеберлігін көтермелеу, қолдау, білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Конкурстық комиссия «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге арналған конкурстың 2-ші Республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлерді университеттің Ғылыми кеңесінде бекітуге ұсынды. Байқаудың барлық қатысушылары тиісті құжаттарды ұсынды.
Конкурстың 2-ші Республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлердің тізімі
| № | Үміткердің
Т. А. Ә. | Атқаратын лауазымы | ҮҒП
еңбек өтілі | Алдын ала ұпайлар | Сараптамалық ұпайлар |
|---|---|---|---|---|---|
| Претенденты со стажем не более 15 лет | |||||
| 1 | Табиева Еркежан Еркінбекқызы | PhD докторы, қауымдастырылған профессор | 14 жыл | 98 | 98 |
| 2 | Рамазанова Райгуль Амангельдиновна | PhD докторы, қауымдастырылған профессор | 15 жыл | 93 | 93 |
| Претенденты со стажем более 15 лет | |||||
| 3 | Алибеккызы Карлыгаш | PhD докторы, қауымдастырылған профессор | 25 жыл | 116 | 116 |
| 4 | Омариева Динара Акылбековна | аға оқытушы | 23 жыл | 98 | 98 |
| 5 | Тураров Аманкельды Кабдыгалиевич | PhD докторы, аға оқытушы | 21 жыл | 62 | 57 |