2023 жылдың 13-14 сәуірінде университеттің 65 жылдығына арналған «Қазақстанның инновациялық дамуындағы жастар шығармашылығы» атты студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың IX Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысуға докторанттар, магистранттар, студенттер, сондай-ақ қарастырылып отырған мәселелерге қызығушылық танытатын барлық адамдар шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылады:

  • Машина жасаудағы қазіргі ғылыми тенденциялар;
  • Сәулет пен құрылыстағы дәстүрлер, үздіксіздік және инновациялар;
  • Жер туралы ғылымдарының өзекті мәселелері;
  • Білім, ғылым және техникадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ);
  • Энергетика, энергия үнемдеу және материалтану;
  • Қоғамның инновациялық дамуының экономикалық және басқарушылық мәселелері;
  • Инновациялық үдерістерді дамытудағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың және шет тілдерінің рөлі;
  • Әскери ғылым және дене шынықтыру;
  • Металлургия және техносфера қауіпсіздігінің өзекті мәселелері.

 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның негізгі күндері:

  • конференцияға қатысушыларды тіркеу – 2023 жылдың 01 ақпанынан бастап;
  • конференция материалдарын қабылдау – 2023 жылдың 01 ақпанынан бастап;
  • конференция материалдарын қабылдаудың соңғы мерзімі – 2023 жылдың 01 наурызына дейін;
  • ұйымдастыру жарнасын төлеу – 2023 жылдың 31 наурызына дейін;
  • конференцияны өткізу – 2023 жылдың 13-14 сәуір аралығы.

Конференция бағдарламасына баяндамаңызды қосу үшін автордың/жетекшінің толық аты-жөні және баяндаманың аты көрсетілген қатысуға өтінімді Конференция веб-сайтына, жіберуіңіз керек, тіркеу сілтемесі  https://do.ektu.kz/studconf2023

Анықтама үшін телефон: 8 (7232) 26-91-68.