«Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мамандар жәрмеңкесінде» экономиканың қазіргі даму жағдайында мамандарды дайындау және қайта дайындау сұрақтарын дәстүрлі талқылау жоспарланған. Бұнда шағын және орта бизнес өкілдері, көптеген аймақтық және қалалық ұйымдардың өкілдері және кәсіпорын басшылары қатысады. Жәрмеңке бағдарламасында – университеттің озат түлектерін таныстыру, жұмыс берушілермен жеке танысу, студенттердің ең үздік жобаларын көрсету.

Жәрмеңке өткізудің нәтижесі жұмыс берушілер мен түлектердің арасындағы келісім шартқа тұру және жұмысқа алу ниеті болып табылады.

2017 жылдың 12 желтоқсанға дейін жәрмеңкеге қатысу туралы растау хатты (еркін түрде) келесі электронды мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз ZHNugumanova@ektu.kz; sahmetova@ektu.kz.

Анықтама телефондары 8 (7232) 540-354, +77779060773, +77055308875.