24 ақпанда сағат 10.00-да  Серікбаева,  19   мекен-жайы бойынша Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті бас ғимараттың  акт залында  Инженерлік факультетінің ашық есік күнін өткізеді.

Факультет құрамына 4 кафедра кіреді:

Машина жасау, Технологиялық машиналар және көлік, Су және орман ресурстары, Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Іс-шара бағдарламасында факультеттің мамандықтарын таныстыру, факультет басшылығымен танысу, концерттік нөмірлер. Факультеттің өкілдері түлектердің, мұғалімдердің және ата-аналардың сұрақтарына жауап береді.