Сізді келесі мамандықтар бойынша «Үлбі Металлургиялық зауыты» АҚ білім беру гранты бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ магистратурасында білім алуға арналған байқауға шақырамыз:

  • Металлургия (дайындық бағыты - «Уран өнімдерін өндіру бойынша инновациялық технологиялар»);
  • Техникалық физика (дайындық бағыты - «Ядролық энергетика материалдары» (тантал, ниобий, бериллий)».

Білім алу мерзімі- 2018-2020 ж.ж, оқу формасы- күндізгі.

Байқауға қатысушы үміткердің базалық профильдік білімі бар болуы қажет және 08.06.2018 ж. дейін «ҮМЗ» АҚ келесі құжаттарды беруі қажет:

  • берілген формадағы сұраным;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • білім беру мекемесінің жетекшісінен немесе үміткер жұмыс істейтін мекеме жетекшісінен үміткердің жеке және іскерлік қабілеттеріне баға берілген мінездеме;
  • ғылыми еңбектер тізімі (рефераттар, мақалалар және т.б.)
  • үміткердің «ҮМЗ» АҚ грантына неліктен мен лайықтымын ?» немесе/және «Неліктен мен бұл мамандықты таңдадым ?» тақырыбына авторлық презентация

Қосымша мәліметтерді «ҮМЗ» АҚ мамандары Гамулина Валерия Викторовна және Мухамеджанова Мадина Джумагалиевнадан 29-80-07 телефон номері бойынша немесе Абай даңғылы,102, СДПСО корпусы, 310 кабинет мекен-жайы бойынша біле аласыздар, е-mail: GamulinaVV@ulba. kz, ShumakbaevaMD@ulba.kz.