BI Group компаниясы 2026 жылғы түлектерге арналған ақылы тағылымдамалар бағдарламасын жариялайды. Бұл - 4 курс білім алушылары үшін тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен тәжірибе жинап, құрылыс саласындағы жетекші компанияда жұмысқа орналасуға мүмкіндік алудың тамаша жолы.
Біз келесі бағыттар бойынша болашақ мамандарды тағылымдамаға шақырамыз:
- Құрылыс
- Көлік құрылысы
- Инженерлік желілер мен жүйелер
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Экономика / Қаржы
- Есеп және аудит
BI Group тағылымгері болу үшін не істеу керек?
- 2025 жылғы 20 желтоқсанға дейін сауалнаманы толтырыңыз.
- Келесі сілтеме арқылы өтіңіз: bi.group/ru/jobs/form?type=intern немесе жарнамалық материалдардағы QR-кодты сканерлеңіз.
- Аты-жөніңізді (жеке куәліктегі сияқты), e-mail және телефон нөмірін дұрыс көрсеткеніңізге көз жеткізіңіз.
Тағылымдамаға қатысты сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз: intern@bi.group.
Ең ірі компанияда мансап бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!